Жұма, 20 Қыркүйек 2019
   

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «25» Қаңтар

№ 103/1 қаулысымен

бекітілген

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік –экономикалық дамуы бойынша бағдарламалық құжаттарды, қала бюджетін әзірлеу, мемлекеттік мекемелердің құзырына қатысты мәселелері бойынша олардың жұмысын үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

ресми тілде: государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Экибастуза».

10. Осы Ереже «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша шараларды әзірлеу және экономикалық және бюджеттік жоспарлау қызметін іске асыру «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің миссиясы болып табылады.

14. Міндеттері:

Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін анықтау;

мемлекеттің макроэкономикалық саясат стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және жинақы тәсілін қамтамасыз ету;

әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында қаржыны басқару;

қаланың салықтық-бюджеттік саясатын қалыптастыру;

нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың, үшжылдық бюджеттік бағдарламалаудың жүйесін жетілдіру болып табылады.

15. Функциялары:

тиісті аумақтарда экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;

мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын бағалау және мониторинг жүргізу;

орта мерзімді бюджеттік параметрлерді және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мониторингісін жүргізу;

қала бюджетінің шығындарын жоспарлау және түсімдерін болжау,

салықтық- бюджеттік саясатты белгілеу, түсімдерді болжау және қала бюджетінің шығындарын жоспарлау;  

бюджеттік өтінімдерді қарастыру;

қаланың үшжылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді келешекке кіріс және шығыстар жөнінде ұсыныстар жасау;

қаланың ауылдық аумағының дамуын саралау және мониторинг жүргізу;

мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық қызметті реттеу;

мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік –экономикалық даму деңгейі мен рейтингтік бағалау динамикасын саралау және мониторинг жүргізу;

қалалық бюджеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру;

Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдауды ұсыну бойынша шараларды жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінен (келісім бойынша) ақпараттарды сұрауға және алу;

облыстық деңгейде шешілетін міндеттерді жүзеге асыруымен байланысты ұсыныстарды Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына беру;

Мемлекеттік қаржылық-бюджеттік саясатты жүзеге асыру бөлігінде:

бюджеттің жобасын жасауға, оны әзірлеу мен қорытындылауға қажетті салық салу базасы туралы ақпаратты жинауда қаланың өкілетті органдарымен жұмысты ұйымдастыру;

Бақылауды жүзеге асыру бөлігінде:

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың бюджеттік мекемелерімен қаржылық тәртіптің сақталуы бойынша өз құзыры шегінде бақылауды жүзеге асыру;

белгіленген тәртіпте бюджеттік саясат мәселесі жөнінде жиналыстар, семинарлар өткізу;

семинарларда, курстарда және өзге де оқыту түрлерінде үнемі «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және
қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

өзінің орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің және басқа да бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілемейді;

заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарып, нұсқаулықтар береді;

құрылымдық секторлары-бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

мемлекеттік органды мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

қазынашылық органымен бірлесіп мемлекеттік органның төлемдері бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін орындау ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

                             4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

21. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

24. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.